«Ақтөбе» қорғаушысы клубтан кететін болды

«Ақтөбе» қорғаушысы клубтан кететін болды

Хорватиялық қорғаушы Матео Барачтың агенті Стипе Лапич футболшының «Ақтөбеден» кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хорватиялық жартылай қорғаушы Ресей Премьер-лигасына (РПЛ) оралуға дайын.

«РБ Спорт» 30 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы, бұған дейін «Крылья Советов» командасында ойнаған Матео Барачтың агенті Стипе Лапичпен сөйлесіп, ойыншыға Ресейде қызығушылық бар ма білді.

«Ақтөбемен» келісімшарт ұзартылмайды, жақында Матео еркін агент атанады. Әзірге Ресейден ешкім хабарласқан жоқ, бірақ Барачқа РПЛ-ға оралу, әрине, қызық болар еді», — деді Лапич.

2024 жылғы маусымда Матео Барач «Ақтөбе» сапында 24 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 600 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или