Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетті

Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетті

Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. Ол осы жылы 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған еді. Оның қызметтен кетуіне өзге жұмысқа ауысуы әсер етті.

Танымал футбол маманы ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды.

Айта кетейік, Ғани Әділханұлы бұл қызметін 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын. Оның басшылығы кезінде Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 2016 жылы команда ФИФА рейтингінде рекордтық 83-орынға көтеріліп, ұлттық құраманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или