QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік шабуылшысы белгілі болды

QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік шабуылшысы белгілі болды

Жоао Пауло - Сергей Квочкин атындағы номинацияны иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Qazaqstan Football Leaguе QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік шабуылшысы белгілі болды. Квочкин Сергей Прокопьевич атындағы номинацияға «Қайрат» ойыншысы Жоао Пауло лайық деп танылды. Үздік шабуылшыны турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.

36 жастағы бразилиялық футболшы «сары-қаралардың» сапындағы барлық матчқа қатысып, 10 гол соқты. Ол 38 гол соғатын (xG - 11.40) мүмкіндік туындатып, қақпаға ең көп 43 соққы және 30 сәтті дриблинг көрсеткішін тіркеді. Нәтижесінде Пауло «Қайрат» сапында QFL Премьер-лигасының чемпионы атанып, маусымның үздіктер құрамына енді.

Дереккөз: QFL.KZ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или