Елена Рыбакина БАӘ-де өткен турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина БАӘ-де өткен турнирде жеңіске жетті

Falcons командасы Дубайда (БАӘ) өткен World Tennis League 2024 көрме турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның құрамында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина, ресейлік Андрей Рублев, Канадалық Денис Шаповалов және францилық теннисші Каролин Гарсия болды.

Бұл турнирде Рыбакина жекелей сында төрт кездесу өткізіп, оның бірінде жеңіске жетті. Елена румыниялық теннисші Симона Халепті – 6:4 есебімен ұтты, бірақ үш жеңіліске ұшырады: әлемнің бірінші ракеткасы – беларусьтік Арина Соболенкодан – 6:7, польшалық Ига Швентек – 3:6 және ресейлік теннисші Мирра Андреева – 2 :6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или