Қазақ күресінен тұңғыш Кубогы сарапқа салынды

Қазақ күресінен тұңғыш Кубогы сарапқа салынды

3-5 желтоқсан аралығында Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырып Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федерациясының І кубогы турнирі өтті.

Клубтық командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің барлық аймағынан 16 клубтық команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүлде қоры 20 млн. теңгені құраған қазақ күресінің аламанын өткізуге Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсеткен болатын.

Додада балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және + 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті. Кубоктың алғашқы күнінде 14 команда күш сынасса, олардың арасынан Жамбыл және Қызылорда облысының қазақ күресі клубтарына финалдық кезеңге іріктеусіз жолдама берілді. Алғашқы күнгі іріктеу сындарынан 6 команда іріктелген.

Финалдық белдесуде мына командалар өзара сынға түсті:

Жамбыл облысы қазақ күресі клубы, «Алаш арландары» Қызылорда облысы қазақ күресі клубы;  Алматы қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командалары; Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы; Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы; ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы;

Ақтық сындағы айналымдар да тартысты өтті. Нәтижесінде оның алғаш айналымында Жамбыл облысының қазақ күрес клубы қызылордалық «Алаш арландары» клубымен жолы түйісіп, 3:5 есебімен есе жіберді. Өз кезегінде Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Оңтүстік Қазақстан облысының балуандарымен кездесіп, 6:2 есебімен басым түсті. Ал Қарағанды облысының жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командасы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорт мектебі командасымен жолдары түйісіп, кездесу нәтижесінде 4:4 есебімен Тарбағатай құрамасы келесі кезеңге жолдама алды (Таза жеңістің сапасы бойынша Тарбағатай командасы келесі кезеңге өтті).

Алматы облысының жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командасы Семей мемлекеттік медицина университетінің командасымен күш сынасып, айқын басымдылықпен Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Қызылорда облысының «Алаш арландары» қазақ күресі клубымен кездесіп 4:4 есебімен Сырдың білекті жігіттерінің мерейі тасыды (Таза жеңіс сапасы бойынша Қызылорда облысы финалға өтті). Екінші жұпта Семей мемлекеттік медицина университеті мен ШҚО Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы кездесіп, семейліктер 5:3 есебімен басымдық танытты.

Үшінші орын үшін күресте алматылықтар тарбағатайлықтарды 6:2 есебімен айқын жеңді. Финалда кездескен Семей мемлекеттік медицина университеті мен Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы өзара мықтыны анықтады. Кездесу нәтижесі бойынша Семей Университеті 7:1 Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы І Кубогының иегері атанды.

1-орын: Семей мемлекеттік медицина университеті - 10 000 000 теңге;

2-орын: Қызылорда облысы, «Алаш арландары» клубы - 5 000 000 теңге;

3- орын: Алматы қаласы, ЖСШМ - 2 000 000 теңге;

4-орын: ШҚО, Тарбағатай ауданы - 800 000 теңге;

5-орын: - Алматы облысы, ЖСШМ - 700 000 мың теңге;

6-орын: - Жамбыл облысы қазақ күресі клубы - 600 000 мың теңге;

7-орын: ОҚО - 500 000 теңге;

8-орын: Қарағанды облысы, ЖСШМ - 400 000 теңге;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или