Рыбакина халықаралық турнир алдында: Ел намысын қорғау аса маңызды

Рыбакина халықаралық турнир алдында: Ел намысын қорғау аса маңызды

27 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында аралас командалық сында United Cup турнирі өтеді. Онда аралас теннис командалары бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетеді. Бұл топта Испания және Грекия бар. Құрама спортшылары: Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команданың капитаны Александр Недовесов бар.

27 желтоқсанда алғашқы матчта Елена Рыбакина испандық Джессика Бузас Манейроға қарсы ойнайды, ал Александр Шевченко Пабло Каррено Бустамен кездеседі.

Рыбакина осы уақытта Брисбенде өткен былтырғы титулын қорғап, WTA рейтингінде 500 ұпай жинауды жоспарлаған еді, бірақ Елена командалық турнирді таңдады.

«Мен әрқашан United Cup турнирінде қатысуды армандадым. Теннис – жеке спорт болғандықтан, бізге жиі команда құрамында болуға мүмкіндігіміз жоқ. Ал мен үшін команданың қолдауы ерекше сезім сыйлайды. Оның үстіне ел намысын қорғау аса маңызды», – дейді Рыбакина.

Айта кетейік, Қазақстан United Cup турнирінде екінші рет бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или