Михаил Гурман ҚПЛ клубында басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
Белгілі қазақстандық функционер Михаил Гурман «Астана» клубында қайтадан басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
71 жастағы маман бұған дейін 2019-2021 жылдары елордалық клубты басқарған.
Футболшы кезінде Гурман қызылордалық «Орбита», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Трактор», қарағандылық «Шахтер» және талдықорғандық «Жетісу» сапында өнер көрсеткен.
Биыл мамыр айында Гурман «Астананың» директорлар кеңесіне мүше болды.
Бұған дейін «Астана» басшысы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымына тағайындалғаны хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или