Қайрат Нұрдәулетов «Жетісудан» кетті
Талдықорғандық «Жетісу» 42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовтің бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Нұрдәулетов өткен маусымның басында талдықорғандық клубты басқарған болатын. Қазақстандық маманның жетекшілігімен «Жетісу» ҚПЛ турнирлік кестесінде 11-орынға тұрақтады.
Бұған дейін бапкер «Мақтааралды» басқарып, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или