«Қызылжар» «Қайраттың»бұрынғы ойыншысына қызығушылық танытып отыр
Петропавлдың «Қызылжары» Қайрат түлегі Арсен Буранчиевпен келісімшартқа отырған соң алматылық клубтың тағы бір бұрынғы ойыншысы - Андрей Ульшинге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының клубы Ульшинді жартылай қорғау шебін күшейту ретінде қарастырып, жақын арада ойыншымен келіссөздер жүргізуді көздеп отыр.
Бұған дейін 24 жастағы футболшыға «Тобыл» мен «Елімай» клубтары қызығушылық танытқан болатын.
Айта кетейік, Ульшин «Қайрат» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Алматылық команда сапында футболшы екі рет Қазақстан чемпионы (2020, 2024) атанды, сонымен қатар 2021 жылы ел кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или