Денис Тен Golden Spin of Zagreb турнирінде көш бастап келеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Golden Spin of Zagreb-2016 турнирінің қысқа бағдарламасын бірінші орынмен аяқтады.

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері алғашқы бағдарламада 94,03 ұпай жинады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша екінші орынды 76,50 ұпаймен ресейлік Гордей Горшков алды. Үшінші орында 72,23 ұпаймен Адам Риппон тұр.

Еске сала кетейік, былтыр Денис Тен Golden Spin of Zagreb 2014 сайысының жеңімпазы атанған болатын. Денис Тен көшбасшылар сапында өнер көрсетіп, қысқа бағдарламада - 92,51 балл жинады. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында екінші деңгейлі нәтижеге қол жеткізіп, - 157,43 баллды еншіледі. Осылайша Денис Тен екі бағдарламаның қортындысы бойынша, - 249,94 балл жинап, бірінші орынды иеленді.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или