«Лимиттен» негізгі құрамға. 2015 жылдың үздік жас ойыншылары

«Лимиттен» негізгі құрамға. 2015 жылдың үздік жас ойыншылары

2015 жылғы футбол маусымы мәресіне жеткеніне біраз уақыт болды. Елордалық «Астана» чемпиондық «табақты» иеленсе, ал «Қайрат» Кубокты Алматыға алып кетті. Аталмыш маусымда жас та болса, ерекше дарынымен көзге түскен ойыншылар бар. «PROСПОРТ» тілшісі  «лимиттің» көмегімен негізгі құрамға ілінген футболшыларды сараламақшы.

Мирас Түлеев

Туған жылы: 30 тамыз 1994 (21 жаста)

Клубы: «Оқжетпес»

Өткізген ойын саны: 31

Алаңдағы орны: қорғаушы

Көкшетаулық «Оқжетпес» командасы жоғарғы дивизионға орала салып, қатарын жас ойыншылармен толықтырған еді. Солардың бірі – ақтаулық «Каспий» клубынан келген Мирас Түлеев. Владимир Муханов бұл ойыншы ел Премьер-Лигасы аясында 30 мәрте алаңға шығарыпты және бір рет Қазақстан Кубогы жолында доп тепкен. Үш ондыққа толатын кездесуде көкшетаулық қорғаушы бір мәрте қарсылас қақпасына гол соққан екен. Мирас сонымен қоса, Қазақстан жастар құрамасына тұрақты шақыртылып тұрған.

Қуаныш Қалмұратов

Туған жылы: 27 тамыз 1996 (19 жаста)

Клубы: «Атырау»

Өткізген ойын саны: 20

Алаңдағы орны: қорғаушы

Батысқазақстандық ұжым ағымдағы жылы үздік алтылыққа ілініп, 27 ұпаймен бесінші орынға тұрақтаған болатын. Команданың негізгі «лимитчигі» болып 19 жасар Қуаныш Қалмұратов ойнап жүрді. Ел біріншілігінің 20 ойынында алаңға шыққан. 21 жасқа дейінгі Қазақстан Жастар құрамасына бірнеше рет шақырту алған.

Григорий Сартаков

Туған жылы: 19 тамыз 1994 (21 жаста)

Клубы: «Ертіс»

Өткізген ойын саны: 32

Алаңдағы орны: қорғаушы

Бұл жас қорғаушы керекулік «Ертістің» негізгі ойыншысына айналып үлгерді. Салыстырмалы түрде алсақ, Кереку футбол мектебінің түлегі былтырғы жылы Премьер-Лига аясында 13 рет ойынға қатысса, ағымдағы маусымда үш есе көп ойнаған. Бір рет қарсылас қақпасынан саңылау тапса, 4 мәрте нәтижелі пастың авторы атанған екен. Өзінің сенімді ойынымен Григорий Қазақстан Жастар құрамасына шақырту алған еді.

Еркебұлан Тұңғышбаев

Туған жылы: 14 қаңтар 1995 (20 жаста)

Клубы: «Ордабасы»

Өткізген ойын саны: 33

Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы

Шымкент футболының өрені Еркебұлан Тұңғышбаев 2015 жылғы маусымда өзінің нәтижелі ойынымен көзге түсті. Оңтүстік Қазақстан намысын қорғайтын «Ордабасы» командасы сапында ел біріншілігінде 31 мәрте алаңға шықса, Еуропа Лигасы мен Қазақстан Кубогы аясында бір-бір реттен кездесуге қатысқан. Премьер-Лигада 7 мәрте гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды. 11 ұпаймен ГОЛ+ПАС үлгісі бойынша үздік футболшылардың қатарына енді. 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Жастар құрамасының сапында 4 рет ойынға қатысқан.

Тимур Рудосельский

Туған жылы: 21 желтоқсан 1994 (21 жаста)

Клубы: «Қайрат»

Өткізген ойын саны: 37

Алаңдағы орны: қорғаушы

Өткен жылы мүмкіндігін барынша пайдалана білген бұл орталық қорғаушы ағымдағы маусымда алматылық ұжымның негізгі ойыншысына айналған еді. Жастығына қарамастан еркекше футбол ойлайтын Тимур жайлы «Қайрат» бапкері Владимир Вайсс тек жылы сөздер айтатын. Алайда маусым ортасында деңгейі жағынан Екінші Бундеслигада өнер көрсететін «Фортуна» командасынан ауысып келген Бруно Соарес оның орнын тартып алды. Тәжірибесінің аздығына байланысты екінші айналымда Қазақстан чемпионатында ара-кідік ойындарға араласып жүрді. Ел біріншілігінен бөлек Қазақстан Кубогы, Суперкубогы және Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан Жастар құрамасына тұрақты түрде шақырту алып, капитан атанған.

Дидар Жалмұқан

Туған жылы: 22 мамыр 1996 (19 жаста)

Клубы: «Ақтөбе»

Өткізген ойын саны: 35

Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы

Ел біріншілігінің күміс жүлдегері «Ақтөбе» сапында доп тебетін бұл жас футболшы үшін биылғы маусым жақсы өтті. Себебі, тұрақты алаңға шығып, көзге түсіп жүрді. Былтырғы жылы бар-жоғы 3 матч ойнаса, ағымдағы маусымда Премьер-Лига аясында 29 рет ойынға араласқан екен. Соның ішінде, 4 мәрте гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Қазақстан Кубогында 4 матчқа қатысып, бір голдың еншісіне жазған. Ал Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Нымме-Кальюға» қарсы қос ойынға қатысқан, қанжығасын майлай алмады. 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Жастар құрамасы сапында 4 ойынға қатысып, 1 мәрте көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или