Француз боксшысы әйгілі Хайме Мунгияны нокаутқа түсірді

Француз боксшысы әйгілі Хайме Мунгияны нокаутқа түсірді


Тихуанада (Мексика) өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте супер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы (76,2 келіге дейін) Хайме Мунгия (44-2, 35 КО) франциялық Бруно Сурачемен (26-0-2, 5 КО) қолғап түйістірді.

Бірінші раунд қос боксшының бір-бірін барлауымен өтті. Мунгуя белсенділік танытқанымен қарсыласына айтарлықтай дөп соққыларын дарыта алмады. Алайда екінші рунд бастала сала Сурачені соққының астына алды. Тіпті сол қолымен бағыттаған зілдей соққысы, франциялық боксшыны есеңгіретіп тастады. Бірақ Бруно орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды.

Үшінші раунд барысында да Бруно көбірек қорғанумен уақыт өткізді. Бірақ соңғы секундтарда жақсы комбинациялық шабуыл жасай алды. Одан кейінгі екі раунд да тартысқа толы болды.

Аллтыншы раундта күтпеген нәтиже тіркелді. Шабуылға шыққан Мунгия қорғанысты ұмытып, қарсыласының қарымта соққысынан ринг төрінде шалқасынан құлады. Төреші өзіне келе алмаған танымал боксшының жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмайтынын айтып, айқасты тоқтатты. Осылайша бұл бокс кешінде сенсация тіркелді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или