Самородов өнер көрсететін «Ахмат» бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады
«Ахмат» Серей Ташуевті көктемге дейін қызметінен босатуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport24.ru cайтының мәліметінше, мұндай шешімді клуб басшылығы жиналыста қабылдады. Маман командамен бірге қысқы дайындық жиынына барады. Егер маусымның басында нәтиже төмен болса, команданы басқа маман жаттықтыратын болады.
Клуб Владимир Федотовпен байланысқа шыққан, ол «Ахматты» басқаруға ауызша келісім берген. Алайда, Ташуевты қызметте қалдыру туралы шешім қабылданған соң, маманмен байланыс үзілгені айтылған.
«Ахмат» 18 турдан кейін 13 ұпай жинап, РПЛ-да 15-орында келеді, яғни клуб төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или