Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» ойыншысы атанды

Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» ойыншысы атанды

Петропавлдық «Қызылжар» 31 жастағы қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбаймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Тоқтар – Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Өткен маусымда шабуылшы «Қайсар» командасында өнер көрсетті. Қызылордалық команда сапында ол барлық турнирлерде 15 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Жаңғылышбай Қазақстан ұлттық құрамасында 7 матч өткізген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или