Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы бокс кешінде нокаутпен жеңіске жетті
АҚШ-та өткен бокс кешінде 26 жастағы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санта-Инездегі (Калифорния) Chumash Casino аренасында өткен жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта нокаутпен аяқталды.
Қазақ боксшысы үшін бұл 2024 жылғы екінші жекпе-жек. Ол екеуін де АҚШ-та өткізді.
Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің кардында өнер көрсетеді. Ал Садриддин бұл жекпе-жекке GGG-дің бұрынғы бапкері Абель Санчестің жетекшілігімен дайындалды.
Қазақстандық кейінгі жекпе-жегін Санта-Йнезде 31 тамыз күні өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или