«Тобыл» қорғаушысы карьерасын шетелдік клубта жалғастыруы мүмкін
«Тобылдың» ресейлік қорғаушысы Альберт Габараев Грекияның «Ламия» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тағы бір ресейлік ойыншы Грекияның Жоғарғы лигасына ауысуы ықтимал: «Ламия» 27 жастағы қорғаушы Габараевты жалға алу бойынша «Тобылға» ресми ұсыныс жасады. Егер тараптар келісімге келсе, Шапи («Арис»), Лодыгин («Панатинаикос»), Оздоев пен Чаловқа (ПАОК) тағы бір ресейлік ойыншы қосылады. Сонымен қатар, Альбертке Қазақстан командалары, Кипр чемпионатының клубы және «Черноморец» қызығушылық танытып отыр», – деп жазды «Инсайды от Карпа» телеграм-арнасы.
Өткен маусымда қорғаушы «Тобыл» сапында барлық турнирде 31 матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или