Бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Тайландта өткен бокс бәсекесі сары құрлықтағы үздіктерді анықтады. 13 күнге созылған жарыста жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы көш бастады. 

Жалпы есеп бойынша үздік үштікке енген мемлекеттер:

1. Өзбекстан – 11 алтын, 6 күміс, 3 қола;

2. Қазақстан – 9 алтын, 5 күміс, 6 қола;

3. Таиланд – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола.

Бүгін ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, әр салмақтағы чемпиондар белгілі болды.

Ерлер нәтижесі төмендегідей: 

1. Өзбекстан  –  8 алтын, 2 күміс, 1 қола;

2. Қазақстан –  4 алтын, 5 күміс, 1 қола;

3. Тәжікстан – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола.

Қазақстан құрамасында алтын алған боксшылар: Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92+ кг).

Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль еншіледі. Ал 80 кг салмақтағы өнер көрсеткен Ерасыл Жақпеков құрама қоржынына жалғыз қоланы салып берді.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сәкен Бибосынов және Бейбарыс Жексен сынды былғары қолғап шеберлері Азия чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Кеше әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 5 қола еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алған болатын. 

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или