Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды

Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды

Таиланда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде барлық аруымыз топ жарды. 

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы аталмыш сында бес алтын және бес қолаға қол жеткізді.

Бірінші орын алған бұрымды боксшылар:

– 60 кг. Виктория Графеева

– 63 кг. Аида Әбікеева

– 70 кг. Наталья Богданова

– 81 кг. Гүлсая Ержан

– 81+ кг. Елдана Тәліпова

Бір қызығы, 5 боксшымыз да өз мансаптарында алғаш рет чемпион атанды. Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын еншілеп, өз тарихындағы екінші үздік нәтижесін (2021 жылы 8 алтын алған) көрсетті.  Қазақстанның әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді.

Қола жүлде еншілегендер:

– 48 кг. Әйгерім Сәттібаева

– 52 кг. Жазира Орақбаева

– 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек

– 66 кг. Милана Сафронова 

– 75 кг. Диана Мағауияева.

Айта кетейік, ертең, 11 желтоқсанда ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Ақтық сын бәсекелерінде тоғыз боксшы ел намысын қорғайтын болады.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или