Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Айбектің қарсыласы қытайлық спортшы Абудурешити Ремула болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Оралбай Азия чемпионы атанып, Чиангмайдағы (Тайланд) құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасына төртінші алтын медаль сыйлады.

Еске салайық, бүгін өнер көрсеткен қазақстандық 9 боксшының төртеуі алтын, бесеуі күміс алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или