Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясының қызметінен кетеді
Бүгін Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының конференциясы өтеді. Бұл туралы «Дядя Ваня» телеграм-каналы жазды.
Күн тәртібінде федерация президенті Даниал Ахметовтың уақытынан бұрын қызметінен кетуі қарастырылады. Сондай-ақ жаңа президент сайланады. Бұл қызметке сайлануға Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың мүмкіндігі жоғары.
Айта кетейік, Даниал Ахметов федерацияны басқарған уақытта Қазақстан жеңіл атлеттері екі Олимпиадаға да рекордты аз жолдаманы ұтып алды. Токиоға 10 ғана атлетіміз іріктелсе, Парижге 7 атлетіміз барды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или