«Тұран» бас бапкерінің кеткенін жариялады

«Тұран» бас бапкерінің кеткенін жариялады

Түркістандық «Тұран» бас бапкер Ринат Алюетовтың командадан кетуіне байланысты ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бас бапкер Ринат Мұратұлы Алюетов ағымдағы келісімшартының аяқталуына байланысты клубтан кетті», - деп жазды түркістандық команда Instagram желісінде.

Алюетов 2021 жылы «Жетісуда» ҚПЛ-да бас бапкер ретіндегі мансабын бастады. 2023/2024 маусымында оның жетекшілігімен елордалық «Жеңіс» Премьер-лигаға шықты. 2024 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Түркістан командасын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или