Қазақстан қоржынына Азия чемпионатының үшінші алтыны түсті

Қазақстан қоржынына Азия чемпионатының үшінші алтыны түсті

Наталья Богданова Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бокстан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші боксшымыз чемпион атанды. 

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова топ жарды. Ол финалда тай боксшысы Байсон Маниконға мықтылығын мойындатты. Отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасында қазір 3 алтын, 5 қола медаль бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или