Бейбіт Шүменовтің кейінге шегерілген жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

Бейбіт Шүменовтің кейінге шегерілген жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлемнің уақытша чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Кшиштоф Влодарчиктің жекпе-жегі 2016 жылы қаңтар айының соңында өтеді. Бұл туралы поляк боксшысының бапкері Федор Лапин мәлімдеді.

«Бірінші рет естігенім - тізесіне бірдеңе болған. Қазір көзі деп естіп отырмын. Бірақ біз біреуге кінә арта алмаймыз, дәрігерлер де мұның барлығын растады. Біз Бейбіттің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, жекпе-жек жылдамырақ өтсе дейміз. Жекпе-жек өтпей қалмайды, тек кейінге қалдырылды», - деді ол.

Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында 32 жастағы Бейбіт Шүменов пен 34 жастағы поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Алайда бірнеше күн бұрын Шүменовтің жарақатына байланысты ол кейінге қалдырылды.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или