Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының финалына шықты

Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының финалына шықты

Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан 2024 жылғы бокстан Азия чемпионатының сегізінші жарыс күнінде әйелдер арасында жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасынан бесінші болып Аида Әбікеева өнер көрсетті. Финалға шығу үшін қазақстандық спортшы жергілікті боксшы Тхананей Сомнуекпен кездесті. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте біздің боксшы жеңіске жетті.

Бүгін финалға шығу мүмкіндігі үшін тағы төрт қазақстандық боксшы бақ сынайды: Милана Сафронова (66 кг), Наталья Богданова (70 кг), Диана Мағауияева (75 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или