Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты

Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты

Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ боксшылар жұдырықтасты. 92 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен кездесті. 

Ауыр салмақтағы боксшылар арасындағы жекпе-жек тартысты өтті. Сағындық қорғаныста мығым, шабуылда ширақ жұдырықтасты. Тіпті, екінші раундта қарсыласын бір рет есеңгіретіп, нокдаун да ашты. Осылайша айқын жеңіске жетті.

Енді ол 1/2 финалдағы жекпе-жегін 8 желтоқсан күні қытайлық Лиу Таймияоға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или