Игорь Шацкий қайда ойнайтыны белгілі болды
Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкиймен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің «радио тыңдаушыларымыздың» көптеген өтініштері бойынша сіздерге қысқаша хабарлаймыз: Шац - біздікі, Шац - үйде!» – деп жазады «Шахтердің» ресми Instagram желісі.
Келісімнің егжей-тегжейлері нақтыланған жоқ.
Айта кетейік, ҚПЛ-ның соңғы маусымында Шацкий «Ақтөбе» сапында 24 матч өткізіп, 26 гол жіберіп алған. Чемпионат қорытындысы бойынша батысқазақстандық клуб үшінші орынды иеленді, ал қарағандылық «Шахтер» турнир кестесінде соңғы орын алып, тарихта алғаш рет бірінші лигаға түсіп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или