Жәнібек Әлімханұлы мен әлем чемпионы арасындағы жекпе-жек туралы ақпарат шықты
Әлемдік бокстың ең ықпалды тұлғасы Турки Әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлына топ жекпе-жек уәде етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері басқармасының басшысы Турки Әл аш-Шейх Әлімханұлына ерекше назар аударып, оның келесі жекпе-жегін ұйымдастыратынын айтты. Турки басқаратын ведомство спорттық және басқа да іс-шараларды қаржыландырады.
Турки Жәнібектің 22 ақпанда Эр-Риядта өтетін үлкен бокс кешінің анонсы жарияланған жазбасына жауап берді. Бұл кеште Карлос Адамес пен Хамза Шираз арасында WBC белбеуі үшін жекпе-жек өтеді, ал басты кездесуде Артур Бетербиев пен Дмитрий Биволдың рематч өткізеді.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы өткізіп, оны нокаутпен жеңген болатын. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 16-жеңісі (11-і нокаутпен аяқталған) болды.