Бокстан АЧ: Виктория Графеева тайбэйлік спортшыны нокаутпен жеңді

Бокстан АЧ: Виктория Графеева тайбэйлік спортшыны нокаутпен жеңді


Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандықтардан соңғы болып Виктория Графеева рингке көтерілді.

В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Сюань Енмен қолғап түйістірді.

Виктория қолы мен бойының ұзындығын пайдаланып, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде тайбэйлік боксшы үшінші нокдаунын алғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, бейсенбі күні шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының бесеуі жартылай финалға жолдама алды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или