Бокстан АЧ: Ұлжан Сәрсенбек қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалға өтті.
Спорттық жолында жастар арасында Азия және әлем чемпионы атанып үлгерген қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта вьетнамдық Тран Нгуенмен рингке шықты.
Ұлжан қарсыласын бірден соққының астына алды – 5:0. Екінші раундта рефери нокдаунға есеп ашты. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан жас боксшы жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или