Жалғас Жұмағұлов Рахмонов пен Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі Шавкат Рахмонов пен Иэн Машадо Гэрри арасындағы жекпе-жек туралы пікірін айтты.
«Шавкат барлық жағынан қарсыласынан жоғары. Бірақ мен ММА-ды болжау мүмкін емес спорт деп бірнеше рет айттым. Шавкат бүкіл жекпе-жекті өткізіп, күтпеген соққыны өткізіп жіберуі мүмкін. Ал Гарри мұндай соққыларды жасай алады: оның оң қолы қауіпті. Ал Шавкатта қарсыластардың оң қолын көрмейтіні бар. Сол себепті Гэрридің бұл соққысын жіберіп алмау үшін сәл абай болу керек. Жалпы Рахмонов соққыдан да, күресте де, төзімділік тұрғысынан да қарсыласынан басым. Мен Шавкатты фаворит ретінде көремін, ол тіпті мерзімінен бұрын жеңеді деп ойлаймын», — деді Жұмағұлов.
Айта кетейік, Рахмонов — Гэрри жекпе-жегі желтоқсан айының 7-нен 8-не қараған түні өтеді.