Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы жекпе-жектерінің трансляциясы
Чиангмайда (Таиланд) бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатының бесінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан атынан бес боксшы шаршы алаңға шығады.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Дулат Бекбауов (67 кг) пен Абылайхан Жүсіпов (71 кг) бақ сынасады. Сондай-ақ, Диас Молжігітов (75 кг) алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Әйелдер арасында Айгерім Сәттібаева (48 кг) мен Сымбат Әлиасқар (54 кг) өз қарсыластарымен күш сынасады.
Сессия Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.
48 кг: Айгерім Сәттібаева – Магно Офелия (Филиппин)
54 кг: Сымбат Әлиасқар – Венкьян Ху (Қытай)
67 кг: Дулат Бекбауов – Мұхаммад Ариф (Малайзия)
75 кг: Диас Молжігітов – Дайго Сунага (Жапония)
71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан)