Азия чемпионаты: 3 желтоқсанда жарыс жолына кімдер шығады
3 желтоқсан, бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні. Бүгінгі турнир аясында үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұд Сабырхан тайбэйлік Ян Лин Лаймен жекпе-жек өткізеді.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Дильфуза Бековамен күш сынасады.
Сонымен қатар, 66 келіге дейінгі салмақта Милана Сафронова ел намысын қорғайды. Ол тайбэйлік Мин Лимен қолғап түйістіреді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или