Ресейлік әлем чемпионы Усикпен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Ресейлік әлем чемпионы Усикпен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Жартылай ауыр салмақтағы (79,4 кг-ға дейін) абсолют әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев украиналық жұлдыз Александр Усикпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бетербиевтің айтуынша, бұл жекпе-жек Усик бұған дейін өнер көрсеткен бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) өтуі мүмкін.

«Мен Усикпен бірінші ауыр салмақта жұдырықтасқым келе ме? Иә, бұл мен үшін қызық», — деді Бетербиев SecondsOut YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Александр Усик бірінші ауыр салмақта абсолют чемпионы. 2018 жылдың шілдеде украиналық спортшы ресейлік Мурат Гассиевті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, барлық белбеуді біріктірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или