Артем Дзюба «Қайратқа» ауысуы мүмкін
«Акронның» 36 жастағы ресейлік шабуылшысы Артем Дзюба келесі жазда «Қайрат» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы командасының басшылығы алдағы уақытта Чемпиондар лигасына қатысу үшін қосымша күштер іздеуде. Ал нұсқалардың бірі – Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артем Дзюба.
Шабуылшы келесі жазда келісімшарт мерзімі аяқталатын тольяттилік «Акронда» ойнайды.
Шабуылшы РПЛ-дағы нәтижелі әрекеттері бойынша Дмитрий Лоськовтың рекордын (265) жаңартқысы келеді. Қазіргі уақытта гол+пас жүйесінде ойыншының 260 ұпайы бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или