Who`s next? Головкиннің келесі қарсыласы анық емес

Who`s next? Головкиннің келесі қарсыласы анық емес

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға келер жылдың көктемінде оралады. «PROСПОРТ» тілшісі Triple G-дің келесі қарсыласын анықтап көрді.

Сауль «Канэло» Альварес

Головкиннің келесі қарсыласы атағына ең басты үміткер – бұл мексикалық Сауль Альварес. Жақында ғана орта салмақта WBC чемпионы пуэрторикалық Мигель Коттоны жеңген мексикалық боксшы, өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, енді келесі кездесуінде WBC чемпиондық атағын Головкинге қарсы кездесуде қорғауы тиіс. Кері жағдайда WBC белбеуі «Канэлодан» Головкинге ауысады. Бұл мәселе он күннің ішінде шешілуі тиіс. Альварестің командасы Головкинмен жұдырықтасуға дайынбыз, бірақ  70 келіге дейін салмақ дәрежесінде деп мәлімдеген болатын. Бұған бірақ Головкиннің командасы келіспеуде, олардың айтуынша орта салмақтың чемпионы өз титулдарын өз салмағында қорғауы қажет. Демек, он күннің ішінде Альварес Головкинмен кездесуге келіспесе, онда WBC чемпиондық белбеуі қазақстандық боксшының еншісіне кетеді. Қос боксшы соңғы жекпе-жектерінде «ақылы» PPV көрсетілімде жұдырықтасқан болатын, яғни екеуінің кездесуі қаржылық тұрғыда көп табыс әкелмек. Келер жылы 9-ы мамыр күні Альварес пен Головкин кездессе, бұл бокс жанкүйерлері үшін үлкен тосын сый болатыны сөзсіз.

Энди ЛИ

WBO чемпиондық белбеуін Энди Ли ресейлік Матвей Коробовпен болған кездесуде ұтып алды. Содан кейін Ли орта салмақтағы жетекші боксшы америкалық Питер Куиллинмен кездесіп, тең түскен болатын. Енді алдағы айда ирландиялық былғары қолғап шебері британдық Билли Джо Сондерспен күш сынасады. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өте тартысты болмақ. Бұл кездесуде жеңіске жетсе Энди Ли келер жылдың көктемінде Головкинмен төбелесуге дайын екенін айтқан болатын. Демек Головкин үшін орта салмақ дәрежесіндегі қалған екі титулын (WBO мен WBC) алуға керемет мүмкіндік туындап тұр. Қазақстандық боксшының аңсап жүргені де осы емес пе? Сауль Альвареспен келісе алмаса, Головкин келесі жылы Энди Ли немесе Сондерс жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуы өте ықтимал.

Карл Фроч

Соңғы кездері британиялық Карл Фроч үлкен боксқа тек Головкинмен кездесу үшін ғана ораламын деп жиі айтуда. Тіпті, оны еш кедергісіз жеңемін деп мақтануда. Көп сөйлегенді ұнататын «Кобра» бокспен жарты жыл бұрын қош айтысқан болатын. Соңғы жекпе-жегінде Карл Фроч толы «Уэмбли» стадионында отандасы Джордж Гроувзды нокаутқа құлатқан еді. Көп ұзамай Фроч үлкен спорттан кететінін мәлімдеген. Соған қарамастан Фроч Головкинмен кездесуі мүмкін екенін үнемі жариялауда, оның пікіріңше ол үшін Головкин салмақ қосуы қажет. Головкиннің командасы бұл ұсынысқа келіскені де бәріне мәлім. Бірақ Фроч асықпауда. Кім біледі, мүмкін болашақта кездесіп қалар. Головкин үшін бұл керемет жекпе-жек болатыны анық, себебі Фроч өте мықты әрі қауіпті боксшы.

Питер Куиллин/Дэниэл Джейкобс

«Showtime» арнасының қос жетекші боксшылары Джейкобс пен Куиллин бес күннен кейін бір-бірімен жұдырықтасады. Екеуі де орта салмақ дәрежесінің ең беделді былғары қолғап шеберлері. Джейкобс тіпті WBА тұжырымы бойынша әлем чемпионы (Головкин де WBA суперчемпионы атағы). Куиллин болса ұзақ уақыт бойы WBO чемпионы болған, бірақ Коробовпен жұдырықтасқысы келмеген ол, федерация шешімі бойынша чемпиондық белбеуінен айырылған болатын. Кейін Куиллиннің орнына шыққан Энди Ли Коробовты ұтып, WBO белбеуінің жаңа иесі атанған еді. Джейкобс пен Куиллин де алдағы кездесуден кейін Головкинмен жұдырықтасуға ниеттіміз деп жиі айтуда. Олардың басқа арнасында жұдырықтасуы мен промоутері Эл Хэймон бұған кедергі болып тұр. Соңғысы НВО арнасының боксшыларымен жұмыс істемейтіні бәріне белгілі жайт. Яғни бұл кездесудің жеңімпазы Головкинмен шығуы екіталай. Соңда да Джейкобс пен Куиллин Головкиннің қарсыласы бола алатын боксшылардың қатарында үнемі жүреді.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или