Кебіспаев Голден Гран-при турнирін ұтты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Бакуде өткен Голден Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
59 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Кебіспаев финалдық белдесуде өзбекстандық спортшыны 8:0 есебімен жеңді. Бұған дейін жерлесіміз белорус Сослан Дауровты, түрік Елданиз Азизлиді және Солтүстік Кореядан келген Юн Вон Чоны жарыс жолынан тайдырған. Тағы бір қазақстандық балуан Нұрмахан Тіналиев 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль еншіледі. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или