Риоға дайындық. Ауыр атлеттер ерледі

Риоға дайындық. Ауыр атлеттер ерледі

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Биылғы әлемдік дода қазақстандық зілтеміршілер үшін сәтті болды. «PROСПОРТ» тілшісі әлемдік сайысты саралап, Рио Олимпиадасында бақ сынайтын зілтеміршілердің мүмкіндіктерін бағамдап көрді.

20 қарашада басталып, тоғыз күнге созылған әлем чемпионатында Қазақстанның намысын бас-аяғы 15 атлетіміз қорғады. Негізгі мақсат – Олимпиадаға 10 лицензия алу. Зілтеміршілеріміз алдына қойған мақсатты орындады. Қазақстан тарихында тұңғыш рет атлеттеріміз Олимпиадаға 10 лицензия ұтып алды. Сонымен, Америкадан қазақстандықтар бес медальмен оралды. Ниджат Рахимов пен Александр Зайчиков сенсациялық түрде әлем чемпионы атанса, Алмас Өтешев пен Жазира Жаппарқұл күміс медальді қанағат тұтты. Ал былтыр Алматыда әлем чемпионы болған Жасұлан Қыдырбаев биыл қола медаль еншіледі. Айта кетейік, Арли Чонтей, Карина Горичева және Светлана Подобедова кіші медальден алды.

Бұл чемпионат Рио Олимпиадасы алдындағы дайындық болды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни бұл додада өз шәкірттерінің қарымын  тексеріп қана қоймай, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей сынды ауыр атлетикадағы тегеуірінді құрамалардың зілтеміршілерін бағалады.  Турнирге Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло сынды чемпиондарымыз қатыспаған, бірақ басқа спортшыларымыз да олардың орнын жоқтатпады. Алексей Нидің пікірінше, Алмас Өтешев пен Светлана Подобедованың көтерген зілтемірлерін төрешілер есептемей тастады, әйтпесе биылғы жарыста қоржынымыз жүлдеге тола түсетін еді.

Ал Риода қоржынымызға қанша медаль түсуі мүмкін? Бразилияда 15 алтын сарапқа салынады. Ал еліміздің намысын он спортшы қорғайды. Естеріңізде болса, 2012 жылы Лондонда төрт атлетіміз алтын алған болатын. Бірақ Риода бұл жетістікті жаңарту қиынға соғады. Жаңарту былай тұрсын, оны қайталаудың өзі оңай емес дейді Ни мырза. Шынын айтсақ, алып барған он зілтеміршіміздің тең жартысы алтын алады дегенге сену қиын. Бірақ Ильин мен Чиншанло Лондондағы жетістікті қайталауға ниетті, Майя Манеза мен Подобедова да бұрынғы қалпына қайтып келеді. Қыдырбаев пен Өтешев, одан қалды Рахимов пен Зайчиков те қарсыласқа оңайлықпен алтын жүлдені бере қоймайды. Жазира Жаппарқұл да қашанғы вице-чемпион болсын, оның да қарсыласты шаң қаптыратын уақыты алыс емес. Сондықтан, келесі жылы Рио де Жанейрода қазақстандық ауыр атлеттер кем дегенде екі алтын жүлде әкеледі деп сенейік.

Расы керек, Қазақстанның ауыр атлетика әлемінде мықты елдердің қатарына айналуы Ни мырзаның жемісі. Сонау 1994 жылдан бері ұлттық құрамамызды баптап келе жатқан маман бүгінге дейін Қазақстаннан бірнеше әлем және Олимпиада чемпионын шығарды. Надежда Ногай, Маргарита Елисеева сынды зілтеміршілеріміз әлемдік жарыстардан алтын жүлде алып келер сәті алыс емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или