Кудрин күрестен халықаралық турнирде 2 орын алды

Кудрин күрестен халықаралық турнирде 2 орын алды

Ақмола облысынан Владимир Кудрин Таразда Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған еркін күрестен халықаралық турнирде екінші орынға ие болды.

Осынау беделді сайысқа әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, Қазақстан, Дағыстан, Якутия, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да көптеген  елдердің жетекші палуандары қатысуда, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

«Тараз Арена» Спорт сарайында басталған турнирде білекті палуандар 57-ден 125 келіге дейінгі сегіз салмақ санатында сайысқа түсуде.

Алғашқы күні ақмолалық Владимр Кудрин финалда отандасы Артас Санаға жол беріп, 57 келіге дейінгі салмақта екінші орынға ие болды. Финалға дейінгі жолында Владимир Өзбекстанның екі палуанын, жартылай финалда Якутия спортшысын жеңген болатын.

Еске сала кетейік, Таразда Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды. Турнирдің алғашқы күні қазақстандықтар 2 алтын, 3 күміс және 5 қола медальдарға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или