Британиялықтар Дэвис кубогының финалында алға шықты

Британиялықтар Дэвис кубогының финалында алға шықты

28 қарашада Гентте Дэвис кубогының финалы аясында жұптық кездесу өтті.

Айта кетейік, ақтық сында Бельгия мен Ұлыбритания құрамалары кездесуде. Бұл матчтың маңыздылығын ескерген Бельгия құрамасының капитаны Йохан ван Херк Киммер Коппеянстің орнына Давид Гоффенді шығарды, ол кортта Стив Дарсимен жұптасып өнер көрсетті. Ал Ұлыбритания намысын Энди және Джейми Маррейлер қорғады. Британиялықтар төрт сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:3, 6:2.

Жекпе-жектің жалпы есебі – Ұлыбритания құрамасының пайдасына 2:1. 29 қарашада екі жекелей кездесулер жоспарланған. Бірінші болып кортқа өз құрамаларының көшбасшылары, Давид Гоффен мен Энди Маррей шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или