Бактиер Зайнутдинов Ұлттар Лигасындағы сәтсіздіктің себептерін атап өтті
Футболдан Қазақстан құрамасының жетекші ойыншыларының бірі Бактиер Зайнутдинов «СЭ» басылымына берген сұхбатта Ұлттар Лигасындағы сәтсіздіктің себептерін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Себеп көп. Бірінші кезекте, біз, яғни аяқдопшылар өзіміздің қандай қателікке жол бергенімізді анықтауымыз керек. Әлбетте, қарсыластардың деңгейін де ескеру қажет. Не дегенмен, өткен маусымда қарсыластар әлсіздеу С дивизионында өнер көрсеттік. Қазір B дивизионынан көтеріліп, Австриямен (бұл құрама бізідң топта басқалардан бір бас жоғары), Холанн мен Эдегор бар Норвегиямен және Еуродан кейін ілгері басқан Словениямен ойнаймыз»
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орында. Команда төрт матчта бір де бір гол соққан жоқ, Норвегиямен тең түсті.