Нұралы Әліптің командасы өз алаңында «Ахматты» жеңді
Санкт-Петербургтік «Зенит» Ресей кубогының ширек финалындағы алғашқы ойында Грозныйдың «Ахматын» 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – «Ахмат» (Грозный, Ресей) – 3:0
Гол соққандар: Клаудиньо 20, Матео Кассьера 53, Александр Соболев 87.
«Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда 90-минут өнер көрсетті. «Ахматтың» шабуылшысы Максим Самородов екінші таймның ортасында алаңға шығып, ойын соңында ескерту алды.
Бұл командалар арасындағы Ресей кубогының 1/4 финалының қарымта ойыны 27 қарашада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или