ҚПЛ 17-турының символикалық командасы
Қазақстан футбол лигасы 17-турдың үздіктер құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
QFL Премьер-лигасының 17-турының үздіктер құрамы:
Қақпашы:
— Степан Сикач, «Қайсар»
Осы турда ең көп 13 соққыны қайтарып, қарсыласпен тең тарқасты.
Қорғаушылар:
— Бранимир Калаица, «Астана»
Дубль авторы атанды. Матчта 23 рет допты кері қайтарды. Алдыңғы шепке 18 дәл пас берді. 8 рет допқа сәтті таласты. Матчта ең көп 12 мәрте допты қарсыластан тартып алды.
— Роман Асранқұлов, «Тобыл»
1 нәтижелі пас берді. 16 рет допты кері қайтарды. 5 мәрте допты қарсыластан тартып алды. Алдыңғы шепке 8 дәл пас берді. 5 рет допқа сәтті таласты.
— Лука Гадрани, «Қайрат»
10 мәрте допқа сәтті таласты. Матчта ең көп 25 рет допты кері қайтарды. 5 мәрте допты қарсыластан тартып алды.
Жартылай қорғаушылар:
— Андрей Ульшин, «Қайрат»
Жеңіс голын соқты. Алдыңғы шепке 9 дәл пас берді. Матчта 6 мәрте допқа сәтті таласты. Соққы жасауға ыңғайлы 3 пас берді.
— Ислам Чесноков, «Тобыл»
Дубль авторы атанды. 3 соққы жасады. Алдыңғы шепке 8 дәл пас берді. 10 мәрте допқа сәтті таласты.
— Горан Милойко, «Қайсар»
1 гол соқты. Матчта ең көп 27 рет допты кері қайтарды. 10 рет допқа таласты. Алдыңғы шепке 6 дәл пас берді. 11 мәрте допты қарсыластан тартып алды.
— Никита Корзун, «Елімай»
1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 7 дәл пас берді. 10 рет допты кері қайтарды. 3 рет допты қарсыластан тартып алды.
Шабуылшылар:
— Эдарлин Фернандес Рейес, «Елімай»
Дубль авторы атанып, 1 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепте 7 дәл пас берді. Ең көп 15 рет допқа сәтті таласты. Соққы жасауға ыңғайлы 3 пас берді.
— Жасур Яхшибоев, «Ордабасы»
Дубль авторы атанып, 1 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 10 дәл пас берді. 9 рет допқа сәтті таласты. 4 дриблинг жасады.
– Рожерио Алвес Шина, «Елімай»
1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. 4 соққы жасады. Алдыңғы шепке 6 дәл пас берді. 3 рет допты қарсыластан тартып алды.
