​А.Мұхамедиұлы А.Зайчиковты тамаша жеңісімен құттықтады

​А.Мұхамедиұлы А.Зайчиковты тамаша жеңісімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Хьюстон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан қазақстандық ауыр атлетші Александр Зайчиковты жеңісімен құттықтап, алдағы жазғы Олимпиадада сәттілік тіледі.

Министрдің құттықтауында: «Қазақ елінің төл спортына айналған ауыр атлетикадан Әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз секілді жүректі, білекті азаматтарымыз барда Қазақстанның әнұраны барша адамзаттың алдында әлі де болса сан рет шырқалып, туы көкке көтерілетініне сенімдімін. Қазақ халқының дара ұлы Илья бастаған команда әрқашан тек жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа жеңістер тілей отырып, бүгінгі жетістігіңіз 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында жалғасын тапсын дегім келеді!» деп жазылған.

Еске салып кетсек, Хьюстон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан Әлем чемпионатында әлі таныла қоймаған қазақстандық ауыр атлетші Александр Зайчиков жеңеді деп халықаралық сарапшылар мен спорт шолушылары күтпеген еді. Александр – Қызылорда ауыр атлетика мектебінің түлегі, 105 кг дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетеді.

Барлық құқығы қорғалған.

BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или