ГЛАВНАЯ
«Бұл өмір». Ресейлік теннисші қазақстандық топ-ойыншымен ажырасатынын хабарлады
«Бұл өмір». Ресейлік теннисші қазақстандық топ-ойыншымен ажырасатынын хабарлады
Ресейлік теннисші, әлемнің 35-ракеткасы Анастасия Потапова қазақстандық теннисші Александр Шевченкомен (64-орын) ажырасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің Telegram-арнасында жазды.
«Бәріне сәлем. Бұл жолы жақсы жаңалықпен бөлісе алмаймын. Өкінішке қарай, Александр екеуміз ажырасуды шештік. Бұл өмір. Адамдар қосылады және ажырасады. Ажырасу себептерімен бөліскіміз келмейді. Бұл туралы бізге артық сұрақ қоймауыңызды және шешімімізді құрметтеуіңізді сұраймын. Бәріне жақсылық пен махаббат тілеймін!», - деп жазды спортшы.
Бұған дейін Потапова 2024 жылғы маусымның аяқталағанын хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или