«Шахтер» футбол клубының басшылық құрамы мен бапкері ауысты
«Шахтер» футбол клубының басшылық құрамы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін «Шахтер» клубының Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұған деиін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев клуб басшылығын сынға алып, клубты қазіргі дағдарыстан алып шығудың жолын табуды тапсырған.
Клуб қазіргі футбол маусымының қорытындысы боиынша тізімнің ең соңында тұр. Клуб жұмысына жаңаша серпін беріп, келесі маусымға деиін даиындығын күшеиту керек.
Директорлар кеңесінің шешімімен клубтың жаңа атқарушы директоры тағаиындалды, ол – Талғат Дүйсеков, табысты кәсіпкер, қоғам қаираткері және меценат. Спорт менеджменті саласында белгілі бір тәжірибесі бар. 2022-2023 жылдары ол Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына кіретін Асық ату федерациясын басқарған. Аз уақытта ұиымның құрылымын жаңартып, тұңғыш рет Асық атудан Азия чемпионатын өткізген.
Оның басты міндеті – «Шахтерді» қазіргі тығырықтан шығарып, клуб жұмысын қаита құру, тың күш беріп, әлеуетін күшеиту. Облыс әкімінің тапсырмаларын ескере отырып, бір айдың ішінде клубтың даму стратегиясын дайындау.
Сонымен қатар, Қарағандының клубы бүгін командаға жаңа бас бапкер ретінде Иржи Ярошикті таныстырды.