Отгонцецег Галбадрах Кореядағы Гран-Приде топ жарды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында қазақстандық Отгонцецег Галбадрах чемпион атанды.

Отгонцецег Галбадрах өзінің бабында екенін көрсетті. Алдымен түрік спортшысы Ебру Сахинді ұтты. Одан кейін италиялық Валентина Москатты жеңді. Бұдан кейін румыниялық Моника Унгрианудан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сыңға шығу сәтінде ол Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Сара Менезесті ұтып, финалда Венгрия дзюдошысы Лондон Олимпиадасының және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ева Черновицкиді жеңіп, алтынға ие болды. Осылайша спортшымыз 300 ұпай иеленді.

BAQ.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или