Қазақ күресінен Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған турнир басталды

Қызылорда қаласындағы №1 олимпиадалық резерв мектебінде ҚР көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық тунир басталды.

Жарысты облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін сөз алған Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов спортшыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 13 команда қатысуда.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 28 қараша күні анықталады.

Айта кетейік, былтырғы жылы облыс спортшылары осы турнирде 35 жүлде иеленген болатын.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или