Дэвис кубогының финалы. Бельгия – Ұлыбритания 1:1

Бельгиялық Гент қаласында теннистен Дэвис кубогының финалы өтуде. Ақтық сында Бельгия және Ұлыбритания құрамалары күш сынасуда.

Матчты Давид Гоффен мен Кайл Эдмунд ашты. Алғашқы екі сет британиялықтың пайдасына шешілген, алайда Гоффен қатарынан үш партияда жеңіп, Бельгия құрамасына алғашқы ұпайды алып келді – 3:6, 1:6, 6:2, 6:1, 6:0.

Артынша кортқа Рубен Бемельманс пен Энди Маррей шықты. Бұл кездесуде азулы Маррей қарсыласын үш партияда қапы қалдырды – 6:3, 6:2, 7:5.

Бірінші ойын күнінен кейін Дэвис Кубогы финалының есебі тең – 1:1. 28 қарашада жұптық кездесу өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или