Шайбалы хоккейден АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы қола алды

Шайбалы хоккейден АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы қола алды


Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды.

Қазақстандық хоккейшілер үшінші ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қарсылас біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында сынға түсіп жүр. Сондықтан кездесу барысында құрамалар жеңіске жетуге бар күшін салды.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер екінші кезеңнің соңына дейін үш гол айырмасымен басым болып тұрды. Алайда үшінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен қазақстандық Оразбаева соққан гол құрамаға жеңіс алып келді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или