Антон Пинчук Дэвид Графпен күш сынасады

Қазақстандық Антон Пинчук германиялық Дэвид Графқа қарсы украиналық Владимир Кличко мен британиялық Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жек аясында жұдырықтасады.

Антон Пинчук пен Дэвид Граф арасындағы жекпе-жек Олимпиада ойындарына жолдама беруші AIBA Pro Boxing жобасы аясында 91 келі салмақта өтеді. AIBA президенті Чинг-Куо Вудың айтуынша бұл 40 000 жанкүйерлер алдында боксшылар өздерінің күштілігін дәлелдеуге тамаша мүмкіндк, дейді.

Владимир Кличко мен Тайсон Фьюри жекпе-жегі 28 қарашада Германияның Дюссельдорфе қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, AIBA Pro Boxing жобасы арқылы 49 келідегі Біржан Жақып пен 60 келідегі Берік Әбдірахманов Рио Олимпиадасына жолдама алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или